Волонтерлік қызмет Конституцияда бекітіледі
Волонтерлік қызмет те Конституцияда бекітілетін болды. Бұл туралы
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты. Комисия
қарауына осындай ұсыныстар түскен. Өтінімдер қолдау тауып, жобаның 31-бабы
2-тармағына толықтыру енгізілді. Демек, бұл еріктілердің құқығы мемлекеттік
деңгейде қорғалады деген сөз. Комиссия мүшелері азаматтардың ақысыз, ерікті
көмегінің мұқтаж адамдарға қажеттігін, қоршаған ортаны қорғаудағы маңызын
ескерген. Айта кетейік, әлем елдері биылғы жылды волонтерлер жылы деп
жариялады. Мемлекет басшысы бұл бастаманы БҰҰ Бас ассамблясының 75-сессиясында
көтерген еді.
Бақыт Нұрмұханов, Конституциялық сот төрағасының орынбасары:
- Жобаның 31-ші бабының 2-ші тамағына ҚР ерікті әлеуметтік сақтандыру өзге де әлеуметтік қамсыздандыру түрлері, волонтерлік қызмет пен қайырымдылық қолдау табады деген толықтыру енгізілді. Бастамашылардың піпікірінше, бұл идея жобаның басқа ережелерін, әсіресе Преамбуланы және Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын қисынды түрде толықтырады.

