Семей ядролық полигон музейі
Алғашқы кеңестік атом бомбасы қалай жасалды? Семей сынақ полигонының нендей құпиялары бар? Ядролық жарылыс болған даладан не қалады?
Бір кездері бұл ғимаратқа мамандардың тар шеңбері ғана кіре алатын. КСРО-да ядролық жоба басты әскери құпия ретінде ерекше қорғалды. Жылдар өтті, енді кез келген адам Семей сынақ полигоны жасырған көптеген құпияларын біле алады.
Семей ядролық полигонының музейі 1972 жылы әскери бөлім базасында құрылған еді. Ол кезде музей есігі бәріне бірдей ашық болмады, экспонаттарды бәрі бірдей тамашалай алмады. Уақыт өте келе экспозиция кеңейіп, басымдық ағартушылық іске беріле бастады. Бүгінде полигон музейіне кез-келген адам кіре алады, Алайда, ол қарапайым нысанда емес, Ұлттық ядролық орталықтың ғимаратында орналасқан.