Ұлы дала перзенті – Әлихан Бөкейханов
Семей қаласы қалайша Қазақстанның астанасы болды? «Ұлы дала перзенті» деп кімді атады? Қазақстан осыдан жүз жыл бұрын тәуелсіздік ала алар ма еді?
Әлихан Бөкейханов өзінің қазақ халқының тарихы туралы очерктерінің бірінде Алаштың аңыз болса да, бар қазақтың ортақ бабасының есімі екенін жазған. Реформаторлар көздеген басты идея да осы болды - барлық жүздерді бір тудың астына біріктіріп, Тәуелсіз мемлекет құру.
«Алаш партиясы мен «Алаш Орда ұлттық автономиясы туралы тек Қазақстан тарихы сабақтарында айтылады. Алайда бұл – қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы ең жарқын сәттердің бірі. Қазан төңкерісінің басынан бастап Кеңес өкіметі орнағанға дейінгі үш жылда нендей тарихи оқиғалар орын алды? Сұрақтарға жауап іздеп Семей қаласына келдік.