Үйлі болудың ең тиімді жолы қандай?
Бүгінгі шығарылымда тұрғын үй нарығындағы қазіргі ахуал мен «Отбасы банкінің» жаңа бағдарламалары, тиімді ипотека және баспаналы болудың жолдары талқыланады. Сондай-ақ дәрігер аптап ыстықтан қорғанудың маңызды ережелерімен бөліседі. Бұдан бөлек, Silk Way Star жобасының қызыл кілемдегі алғашқы сәттері, Қазақстандағы орман өрттері, Қытайдағы роботтар турнирі, «Сақиналар әміршісі» фильмінің жаңа бөлімі, Алакөлдегі қайғылы оқиға және халықаралық олимпиадаларда ел намысын қорғаған қазақстандық оқушылардың жетістіктері туралы көріңіз.

