Зарина Омарова: «Жан гүлім» әні бағымды ашты
Мемлекет
басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерге
тоқталып, «Қазақстан балалары» атты біртұтас бағдарлама қабылдауды ұсынған
болатын. Қазіргі жобаның аяқ алысы қандай? Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері
қалай шешім табуда? Бағдарламаның негізгі міндеттері? Жаңадан қабылданып жатқан
заң нәтижесін беріп жатыр ма? Елімізде әр бала бақытты өмір сүруі тиіс.
Балалардың онлайн қауіпсіздігі жайлы толығырақ бүгін айтамыз.
Декреттік
демалысты қалай пайдалы өткізуге болады? Бала тәрбиелеп, кәсіпті де қатар
дөңгелетіп отырған аналармен бүгін танысамыз!
Биыл ғана
баласы мектеп бітірген әнші Зарина Омарова «Бүгін.live» төрінде қонақта!
Сахнада жүргеніне 30 жыл болған өнерпаздың жеке ән кеші қашан және қайда өтпек?
«Қуаныш» әні қалай көрерменге жол тартты? Бүгін талқылаймыз.
Бес жасынан
ән шырқаған қарағандылық Бекжанмен тілдесіп, «Қара шаңырақ» әнімен танылған
әнші Динара Кемелханмен сүбелі сұхбат құрамыз.
Сондай-ақ, Мектеп
директоры Димашпен фан-кездесуде алтын билет ұтып алды. Ақмоншақ Нұртаза қай
елде өтетін концертке бармақ? Билет қолына тигенде қандай сезімде болды?
«Бүгін.live»-тан көріңіз!

