Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық ән кеші өтеді

Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық ән кеші өтеді

Енді шетелдік спортшыларға бюджеттен бір тиын да төленбейді. Легионерлерді жалдауға кететін миллиардтар – бұқаралық спортты дамытуға жұмсалады. Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойды. Легионерлер дәуірі аяқталды ма? Заң жобасы қашан күшіне енеді? Не өзгереді? ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ресми өкілі Мейрамғазы Сапарғалиев жауап берді.

Ер азаматтың бала тәрбиесіндегі рөлі мен қоғамдағы орны «Бүгін» бағдарламасында таразыланды. Студиямызда көрген-түйгені көп, үлгілі әкелер қонақта.

Медиа маман, жазушы, «Әйеліммен әңгіме» кітабының авторы Марғұлан Ақан бала тәрбиесіндегі ерлі-зайыптылардың рөлі мен өзара байланысы туралы пікір білдірді.

Ал балет әртісі Бекзат Орынбаев баланың бойындағы қабілеттерін ашу, оған көңіл бөлу, дағды қалыптастыру жайлы ой қозғады.

Сондай-ақ, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбетпен сұхбат өрбіді.

«Заманмен санасқан 30 әкенің хикаясы» – «Амал дәптері» сериясы аясында жарық көріп отырған алғашқы туынды. Бұл жайлы баспагер Бақытжан Бұқарбай айтып берді.

7 баланың әкесі, кәсіпкер Самат Жолмаханов қыз бала мен ұл бала тәрбиесіндегі ерекшелікке тоқталды. Күйбең тіршілікте кәсіп пен әкелік міндетті қалай қатар атқарып жүр? Балалардың жеке дамуы үшін не істеу керек? Сұхбаттан білесіз.

20 сәуір күні Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық ән кеші өтеді. Дәстүрлі өнерді дәріптеуші, Шәмші әндерін насихаттаушы Майра Ілиясова студиямызда қонақта. Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісімен сұхбат – «Бүгін» бағдарламасында.