Жалған патриоттықтан арылу

 Жұма - иманымызды иіретін, күндердің сұлтаны. Баршамыздың дұға-тілектеріміз қабыл болып, күндей піскен, аппақ, әдемі, келіскен шелпегіміздің тұзы мен қанты тең түсіп, жанға дауа, бойға қуат болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Бүгінгі қозғайтын тақырыбымыз - ұлтты сүю, жалған патриоттықтан арылу.

Салтымызды ұстанып, дінімізді құрметтеу аманат екендігін ұмытпауымыз керек.

Әр адам өз ұлтын жақсы көріп, оның тарихын білуі керек. Жеті атасымен толықтай танысуы шарт, тарихын білгені жөн.