Жаңа балалар және спорт алаңы ашылды
Атырау облысы Ортақшыл ауылында жаңа
балалар және спорт алаңы ашылды. Жаңа нысан Каспий құбыр консорциумы
компаниясының демеушілігімен жүзеге асты. Енді ауыл жастары емін-еркін спортпен
шұғылдана алады.
Жаңа нысанда спортпен айналысуға бар жағдай жасалған. Сонымен қатар қауіпсіздік талаптары да қатаң ескерілген.
Әсет Қарабалиев, оқушы:
- Осы ойын алаңының ашылғанына қуаныштымын. Мұнда спортпен жаттығатын жерлері бар. Біз сабақтан кейін бос уақыттарымызда осы жақта достарымызбен ойын ойнап көңіл көтереміз. Бұған дейін біздің ауылымызда мұндай ойын алаңымыз болған жоқ.
Каспий құбыр консорциумы компаниясы әлеуметтік салаға басымдық беріп келеді. Бұған дейін демеушінің қаржысына дәл осындай ойын алаңдары Махамбет, Еңбекшіл, Талдыкөл, Жалғансай ауылдарында пайдалануға берілген. Оған 261 млн теңге жұмсалды.
Қайыргелді Қабылдин, «Каспий құбыр консорциумы» АҚ бас директорының ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары:
- Әлеуметтік бағдарлама бойынша қайырымдылық бағдарлама бойынша жыл сайын 3 млн астам ақша бөлінеді. Соның ішінде балабақша, спорт аалңдарына денсаулық саласына. Бүгін Ортақшыл ауылында ойын адаңын іске тапсырып жатырмыз балаларға. Осы жылға біз жоспарлап отырмыз Алға дейтін ауылда үлкен балабақша саламыз.
Қазір ауданда бас аяғы 25 спорт алаңы бар. Бірақ, аудан әкімі ауылдағы демографилық ахуалдың өсуіне байланысты тағы 15 спорт нысаны қажет екенін айтады.
Қайрат Нұрлыбаев, Махамбет ауданының әкімі:
- Ауылдың халқы балалар қуанып жатыр. Біздерде енді спорт кешендері салынып жатыр. Былтыр үшеуі пайдалануға берілді. Биыл тағы үшеуі пайдалануға беріледі деп отырмыз.Енді тағы екі ауылымыз бар спорт кешенін ұсынатын.
Игі бастама алдағы
уақытта да жалғасады. Демек жастар мен оқушыларға арналған нысандардың саны
көбейе түседі.

