Жаңғырудың өзегі – ұлттық бірегейлік

Жаңғырудың өзегі – ұлттық бірегейлік

Қазақстан жаңа кезеңге ұлттық бірегейлікті сақтай отырып қадам басуы керек. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов осылай дейді. Оның айтуынша, кейінгі жылдары жүзеге асқан бастамалардың бір парасы жуырда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында талқыланды. Жиында ұлт тағдыры мен болашағына тікелей әсер ететін мәселелер қаузалды. Әрі қоғамды одан әрі ұйыстыру жолында маңызды ұсыныстар ортаға салынды. Олардың бәрі Парламентте қаралады. Бұған дейінгі құрылтайдың үш отырысында да ауқымды реформалар жасалған еді. Бүгінгі жетістіктер соның нәтижесі деді, Еркін Тұқымов.