Жасанды интеллект қызметкер санын қысқартады

Жасанды интеллект қызметкер санын қысқартады

Жасанды интеллект енгізілсе, мемлекеттік қызметкерлердің саны 20-30 пайыз қысқарады. Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министр осылай деді. Оның айтуынша, Call-орталықтарда қанша адамды жұмыстан қысқартуға болатынын нақты есептеп шығуға болады. Өйткені тұрғындардан түсетін қоңырауларды маманданған жасанды зейін қабылдай алады.