Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың артуына не себеп?
Бұл шығарылымда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың арту себептері мен оның алдын алу жолдары талқыланады. Сонымен қатар майтабандық пен вальгустың айырмашылығы, балалардың аяқ киімін таңдауда ескерілуі тиіс маңызды талаптар және гаджеттердің балалар денсаулығына әсері туралы мамандар пікір білдіреді. Сондай-ақ мұз айдынында неке қиған спортшы Абзал Әжіғалиевтің ерекше оқиғасы назарға алынады. Бұдан бөлек, «Аманат» пен «Әділет» партияларына қатысты саяси жаңалықтар да сөз болады.

