Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 95 млрд теңгеге жетті
Биыл жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 95 млрд теңгеге жетті. Әсіресе, киім өндірісінде айтарлықтай жетістік бар. Саладағы өсім 11 пайыздан асқан. Жеңіл өнеркәсіптегі экспорт та артып келеді. Соңғы жарты жылда 67 млн долларға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 69 пайызға артық. Шетелге көбіне трикотаж өнімдері, жейделер, сөмкелер мен қаптама пакеттер сатылады. Олардың басым бөлігі Ресей, Түркия және Қытайда саудаланып жатыр. Ал елімізге сырттан негізінен киім-кешек әкелінеді. Жарты жылда елге келген инвестиция көлемі - 4 млрд теңге.
Айта кетсек, биылдан бастап тауарларды мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық режимнен 2 жылға алып тастауға болады. Тиісті қаулы ақпанда қабылданды. Осы бастаманың нәтижесінде кәсіпкерлер арасында 2,5 миллиард теңгеден асатын келісімдер жасалған.

