Жер туралы заң жобасы Мәжіліске қайтарылды
Жер туралы заң жобасы Парламент Мәжілісіне қайтарылды. Сенаторлар құжатты талқылау барысында орман өсіру мәселесіне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу керектігін атап өтті.
Заң жобасына сәйкес шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлері сатылмайды және жалға берілмейді. Қазіргі кезде шетелдіктердің қатысуы бар 7 кәсіпорын шамамен 75 мың гектар жерді жалға алып отыр. Бұл учаскелер Жамбыл, Павлодар, Атырау, Ақмола облыстарында орналасқан. Олармен жасалған келісімшарттардың мерзімі 2025 жылы аяқталады. Кейін шарт бұзылады.
Егер аталмыш заң жобасы қабылданса, жер телімдерін тек Қазақстан азаматтары мен шетелдік қатысуы жоқ отандық кәсіпорындар ғана иеленетін болады.