Жетіген аспабының тарихы
Жетіген аспабын ең алғаш кім ойлап тапты? Ең бірінші оны шерткен кім? Атауы мен аспаптың тұрқы бүгінгі күнге дейін жеткенімен, оның тарихи тамыры өте тереңде жатыр.
Жетіген – шертпелі, көпішекті, көне музыкалық аспап. Оның сырт пішіні өзге аспаптарға мүлде бөлек. Бір қарағанда көлденең жатқан арфаның пішініне ұқсайды. Оның әуені – әуезді әрі жұмсақ. Оның атауына қатысты да әр түрлі болжам айтылады. «Жеті ән» немесе «жеті әуен» деген мағына білдіреді деген пайымдар бар.