Жетім көрсең, жебей жүр...
«Жүрек сөзі» «Жетім көрсең, жебей жүр» деген мақсаттағы жүректі
жібітер, нағыз мейірімді, ұлы тақырыпты қозғайды.
Жетімін жылатпаған қазақтың бүгінгі күні ірі қалаларында «Жетімдер үйі» бой
көтерген. Ал, оның санын азайтып, оларға қарапайым жақсылық жасаудың талаптары
қандай? Тірі бола тұра баланы тастамай, оған өмір сыйлап, тәрбиелеу үшін не
істеу керек?
Қандай да бір елдің рухани даму көрсеткіші – жетімдерге қамқорлық
көрсетумен өседі. Еліміздің иманды азаматтары, қауқарлы кәсіпкерлері жетімдер
үйіне жиі бас сұғып отырады. Тіпті, жетім балаларды үйлеріне алып, әке мен
ананың қамқорлығын көрсетіп, бағып отырған отбасылар да бар. Алайда, бұл
қадамның шариғат белгілеген қандай шеңбері болуы мүмкін?
«Жетімнің босағасы – алтын, дүниесі – арам» деген нақыл сөздің мағынасы
қандай?
Жетімнің ішіндегі ең құрметті жетімі қайсы?
Жетімнің басын сипаған адамға қажылық сауабы берілетіні рас па?
Бұл сұрақтардың жауабын
Нұрлан имам «Жүрек сөзі» бағдарламасында толығырақ айтып береді.

