Ораза айтқа дайынбыз ба?
Көзді ашып-жұмғанша Оразаның соңғы күндері де келіп қалды. Кеше ғана ел болып, қасиетті Қадір түнін де өткіздік. Енді алдымызда - Ораза айт. Оған дайынбыз ба?
Айт – мұсылмандардың ұлы мейрамы. Шариғат бойынша отыз күн ораза біткеннен кейін шәууал айының бірінші күні ораза айт болып есептеледі.
Жалпы Ораза айт күні қандай амалдар жасалады? Ораза айтта неше үйді айттаған дұрыс?
Осы және өзге де сұрақтарға «Жүрек сөзі» бағдарламасында Нұрлан имам жауап берді.

