ЖИ-ді мектеп бағдарламасына енгізу: ауыл мектептері де қамтылады

ЖИ-ді мектеп бағдарламасына енгізу: ауыл мектептері де қамтылады

Қазір әлем түбегейлі өзгеріп жатыр. Кеше ғана ғылыми фантастика сияқты көрінген технологиялар бүгінде күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды. Соның ең бастысы - жасанды интеллект. Ол медицинада диагноз қоюға, өндірісте қауіпсіздікті арттыруға, қаржы саласында тәуекелді есептеуге көмектесіп жатыр. Енді бұл өзгеріс білім беру жүйесінде де орын алмақ.