Жұмбақ мекен – Шарын шатқалы
Шарын шатқалы – Қазақстандағы ең көрікті және халық көп келетін орындардың бірі. Бұл көрікті жер Алматыдан 200 шақырым қашықтықта орналасқан. Ондағы жер бедері туристердің барлығының таңдайын қақтырады. Мұны осында ат басын бұрған кез келген саяхатшы растайды. Шатқалдың ішін аралап, неше түрлі пішіндегі қатып тұрған жартастарды қызықтап қарай бергің келеді. Күн сайын бұл жерге жүздеген адам келеді. Әсіресе, «Қорғандар аңғары» деп аталатын көптішіктің қызығушылығын тудырады. Бірақ Шарын шатқалының жұмбақ сыры мұнымен бітпейді. Жалпы шатқалдың ұзындығы 150 шақырымнан асады, ал «Қорғандар аңғары» 2 шақырымға созылып жатыр. Шарын шатқалы туралы не білесіз?