Жыл қорытындысы

Жыл қорытындысы

Қазақстан IMD әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде былтырдан  бірнеше тармаққа көтеріліп, әлемнің 64 елінің ішінен 37-ші орынға ие болды.  Бағалау барысында экономикалық қызмет, Үкімет пен бизнестің тиімділігі ескерілген. Жалпы алғашқы жарты жылда ел экономикасына 13 млрд доллардан астам  инвестиция тартылған.  210 жаңа инвестициялық жоба іске қосылды. Бұл орта мерзімге жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсімін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, машина жасау саласы қарқынды жетіліп келеді. Сала көрсеткіші шамамен үштен бірге жуық өскен. Бұл ретте көлік және электр жабдықтарын өндіру бағытындағы көрсеткіштер бұданда да жоғары болды. Сәйкесінше 41% және 32% өсім көрсетті. 

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық Экономика министрі:
- Ағымдағы жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша тауарлар экспорты 65 млрд долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлардың экспорты 21 млрд долларға дейін жетті.  Жалпы осы жыл қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 5% құрайды деп болжануда.

Үкімет инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін белсенді іске асыруда. Атап айтқанда, бағаны тұрақтандыру тетігі қайта форматталды.