Жыл соңында нормативтік жағдайғы республикалық жолдардың үлесі 92% жетеді 

Мәселен, биыл республикалық желі бойынша бұл көрсеткішті 92%, ал жергілікті деңгейде 87%-ке дейін жеткізу межеленген. Еліміздегі жолдарды жаңғырту мақсатында қазір 17 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Келер жылға дейін толықтай жаңадан төселетін үш жарым мың шақырымға тарта жол қолданысқа беріледі деп күтілуде. Жалпы биыл елдегі  жолдардың шамаман 11 мың шақырымы құрылыс жұмыстарымен қамтылмақ. Арнайы брифинг барысында автожол саласының мамандары саладағы межелі жоспармен таныстырды.   

Амангелді Беков, ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары:

- Республикалық желі бойынша 3 мың 600 шақырымда құрылыс және реконструкция жұмыстары жалғастырылады. Оның 856 шақырымы биыл аяқталатын болады. Күрделі және орташа жөндеумен 3 мың 400 шақырым жол қамтылады. Жергілікті автожолдар желісінде жөндеудің барлық түрімен 4 мың шақырым жол қамтылмақ. Биыл оның үш мың шақырымы аяқталатын болады.