Жылқы селекциясы

«Зеброид» дегеніміз не? Жылқы мен зебра тұқымына жататын кез келген жануардың буданы «зеброид» деп аталады. Мәселен, «зебрини» деген тұқым бар. Ол – аналық зебра мен аталық жылқының буданы. Сыртқы келбеті жылқыға ұқсағанымен, денесінде жолақтары бар. Мінезі де сол жолақты жануарға тартқан, қолға үйрету қиындық тудырса керек.

Қашыр да селекцияның нәтижесі. Ол – аталық есек пен аналық жылқының буданы. 30 мың атты әскері болған үйсіндер таулы жерлерде арнайы жүк тасу үшін қашырлар өсірген. Бұл шығарылымда селекция, сұрыптау, іріктеу, будандастыру және гибридизация ұғымдарымен таныс боласыздар.