Жылқы шаруашылығында маман жетіспейді...
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында Мемлекет басшысы
агроөнеркәсіпті дамыту саласында бірнеше мәселені көтерді. Соның бірі жылқы
шаруашылығы институтын құру. Бұл салада бізде маман бар ма?
Елімізде жылқыға субсидия берудің реті қандай? Субсидия берудің
ашықтығын қамтамасыз етуді неден бастауымыз керек?
Қазір Қостанай жылқысы жойылудың аз-ақ алдында тұр. Президент бүгінгі күні 280 бас қалғанын айтты. Қостанай жылқысы неліктен азайып кетті? Көбейтудің амалы қандай?
Қазақтың ақбас тұқымын өсіріп отырған шаруақожалықтары бар ма, олардың қолындағы ақбас сиырдың саны қанша?
Азық-түлік тауарлары бойынша импортқа тәуелділікті азайту
мүмкін бе? Ауыл шаруашылығы саласындағы түрлі сауалдарға Жәңгір хан атындағы
Батыс Қазақстан Агро-техникалық университетінің ғылым жөніндегі проректоры,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Шәмшідін Әлжан Смайылұлы жауап берді.

