1 сәуірден бастап не өзгереді?
Елімізде
ертеңнен бастап қандай өзгерістер болады? Айталық, жанармай мен коммуналдық
тарифтерге қойылған шектеу аяқталады. Жалақыға жан бағып жүргендер баға тым
шарықтап кетпей ме деп алаңдаулы. Дегенмен, жауаптылар қызмет пен тауар
қымбаттамайды деп отыр. Азық-түлік бағасы да бақылауда деп сендірді. Яғни,
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінетін және отандық өнімдердің
кейбір түрлеріне ең төменгі баға бекітілген.

