1 жылда жаңартылған қуат көздерінің электр энергиясын өндіру көлемі 21%-ке өсті

1 жылда жаңартылған қуат көздерінің электр энергиясын өндіру көлемі 21%-ке өсті

Қазақстанда ЖЭК нысандарының өндірген электр энергиясы бір жыл бұрынғымен салыстырғанда бірден 21% өсті. Баламалы энергия көздерінің қуаттылығы 2 мВт-қа жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда шамамен 19%-ке артық. Ал, 2017 жылмен салыстырғанда көрсеткіш бірден 7 есе артқан.Мұндай мәліметтерді «Еnergyprom.kz» келтіріп отыр. Орнатылған қуаттықтың басым бөлігі, яғни 1,1 мың МВт күн электр станцияларына тиесілі. Одан кейінгі орында жел электр станциялары, шағын гидроэлектостанциялары мен биоэлектр станциялары келеді. 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ЖЭК нысандарының өндірген электр энергиясы 5,1 млрд кВт/сағ құрады. Электр энергиясының үлесіне келетін болсақ, ол жалпы өндіріс көлемінде 4,5% құрайды. 2026 жылға қарай көрсеткіш 7%-ке, ал 2030 жылға қарай 10%-ке жетуі тиіс. «Bp.com» порталының мәліметінше, 2021 жылы әлемде баламалы қуат көздері нысандары арқылы электр энергиясын өндіру 3,7 трлн кВт/сағ жетті. Жаңартылатын электр энергиясының басым бөлігі Азия-Тынық мұхиты аймағында өндірілді. Ең аз электр энергиясы ТМД елдерінде өндірілді. Электр энергиясы өндірісінен Ресей көш бастап тұр. Одан кейін екінші орында Қазақстан келеді.