11 айда Қазақстан экономикасы 5% жуық өсті

11 айда Қазақстан экономикасы 5% жуық өсті

Биыл 11 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 5% жуық өсті. Бұл жөнінде Үкімет отырысында елдің Ұлттық экономика министрі мәлімдеді. Әлібек Қуантыровтың дерегінше, нақты сектор 3 жарым, ал қызмет көрсету саласы 5,5% өсті. Құрылыс, сауда, ақпарат, байланыс және қоймалау қызметінде жоғары қарқын байқалды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 15% жуықтаған. Өзге елдермен алыс-беріс үрдісі де оң көрсеткішке ие. 2023 жылдың қаңтар-қазанында сыртқы тауар айналымы шамамен 3% өсіп, 114 млрд доллардан асып жығылған. Оның жартысынан артығы экспорттың үлесіне тиесілі. Шекара асқан қазақстандық тауарлардың үштен бірі өңделген. Жалпы, еліміздің оң сауда балансы 15 млрд доллардан асты.