12 жасында кітабы шыққан Айғаным
Бүгінгі бағдарламада қоғамда өршіп бара жатқан киберқылмыс, интернет алаяқтармен күрес және кибергигиена сөз болды. Айгүл Мүкейді кімдер алдамақ болған? Кибершабуылдан қалай қорғану керек? Сарапшылар жауап берді.
Сондай-ақ, елімізде аутист бала санының арту себебі мен аутизмді ертерек анықтау жолдары сұхбатта кеңінен талданды. Аутизмнен арылуға болады. Оның қандай жолдары бар? Логоритмикалық әндердің әсері бар ма? Мамандар кеңесінен хабардар болыңыз.
2 сәуір – балаларға арналған халықаралық кітап
күні. Осыған орай, студияда 4 жасында мектепке барып, 12 жасында кітабы шыққан
жас қаламгер Айғаным Сәлкен қонақта. Жалпы, баланың кітап оқуға деген ынтасын
қалай арттыруға болады? Мамандар ерекше лайфхактармен бөлісті.

