121 мың 400-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Өткен тәулікте тағы 548 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 121 347 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 670 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 137 653.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 16535 (+67)
Алматы қаласы - 16599 (+67)
Шымкент қаласы - 5402 (+2)
Ақмола облысы - 5802 (+60)
Ақтөбе облысы - 3531 (+10)
Алматы облысы - 5957 (+28)
Атырау облысы - 11871 (+29)
Шығыс Қазақстан облысы - 17234 (+100)
Жамбыл облысы - 4550 (+16)
Батыс Қазақстан облысы - 8344 (+43)
Қарағанды облысы - 11298 (+28)
Қостанай облысы - 5955 (+77)
Қызылорда облысы - 3301 (+2)
Маңғыстау облысы - 3456 (+5)
Павлодар облысы - 7212 (+106)
Солтүстік Қазақстан облысы - 7089 (+68)
Түркістан облысы - 3517 (+4)
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 76 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 43 124, 456 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 31 032 жетті.