16 Қазақстандық ЖОО QS World University Rankings 2023 рейтигіне кірді

16 қазақстандық жоғары оқу орны QS World University Rankings 2023 рейтингіне кірді. Үздік білім ордаларының тізілімін әлем бойынша жоғары оқу орындарын бағалауға маманданған британиялық компания жыл сайын жасайды. Сарапшылар бас-аяғы бір жарым мыңға жуық білім мекемесінің жұмысына талдау жүргізген. Нәтижесінде қазақстандық бес университет ТОП-500-ден орын алды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Satbayev University, Оңтүстік Қазақстан университеті және Қазақ ұлттық аграрлық университеті ең үздіктер қатарынан көрінді.