Сүт бизнесі - болашағы мен мүмкіндіктері

Сүт бизнесі - болашағы мен мүмкіндіктері

Қазақстанның сүт секторы жаңа деңгейге шығады. Бүгін Павлодарда «PRO Молоко’25» IV Халықаралық форумы бастау алды. Бұл – тек сиыр сауып, сүт өндіріп жүргендердің ғана басын біріктіретін алаң емес. Сондай-ақ, сүт саласының болашағы, технологиялары, инвестиция тарту мен экспорттық мүмкіндіктер айтылатын диалог орталығын. Басты тақырып - Ертіс жағасындағы қаланы қайтсек сүт бизнесінің көзіне айналдырамыз?