Түркістандық диқандар голландиялық раушан гүлінің 10 түрін өсіріп жатыр
Әйгілі голландиялық раушан гүлін енді Түркістан облысының
диқандары да өсіреді. Жеке инвеститциялық жобаның құны 1 миллиард теңгеден
асады. Қазір 1 жарым гектар жерге 105 мың түп гүл егілді. Шаруалар болашақта
жылыжай көлемін ұлғайтып, жылына 10 миллион раушан жинауды жоспарлап отыр.

