Қазақстанның Су ресурстары министрлігінде жаңа басқарма құрылады

Қазақстанның Су ресурстары министрлігінде жаңа басқарма құрылады

Қазақстан Орта Азия елдерімен су мәселесі бойынша өзара әріптестікті нығайтады. Осы бағыттағы серіктестікті күшейту мақсатында жаңа басқармалар ашылады. Олар су ресурстары және ирригация министрлінің құрамында пайда болады. Оның біреуі Орта Азия елдерімен бірлесіп жұмыс істеу мәселесімен айналысады. Екіншісі Ресей және Қытаймен әріптестікке жауапты болады деп күтілуде. 

Нағима Әжіғұлова, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі басқарма басшысы:
- Қазақстандағы суармалы  жерлердің 80% оңтүстік өңірлерде шоғырландырылған. Сондықтан Оңтүстік Азия елдерімен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру қажет. Мұндай функцияларды бөлу біздің шетелдік әріптестерімізбен өзара іс-қимылды нығайтуға  және де нақты міндеттерді шешуге көмектеседі.

Естеріңізге сала кетсек, жуырда Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстан Сырдария мен Әмудария өзендерінің бассейндеріндегі су қоймаларындағы жұмыстарды жоспарлау мен болжау бойынша хаттамаға қол қойды. Одан бөлек, Орта Азия елдері келесі жылғы вегетациялық, яғни, өсімдіктердің өсу кезеңіне байланысты су жинау межесін белгіледі. Осыған орай, Шардара су қоймасына келесі жылдың 1-і сәуіріне дейін 11 млн текше, ал «Достық» мемлекетаралық каналы бойынша 487 млн текше метр су жиналады деп күтілуде. Осылайша, Түркістан мен Қызылорда облыстарында вегетациялық кезеңде жеткілікті мөлшерде су жинап, қосымша 1 жарым млрд текше метр суды Арал теңізіне жіберу мүмкін болмақ.