Nobel Fest: Қазақстанда әлемдік ғылым апталығы өтеді

Қазақстанға Орталық Азиядағы ғылым және білім саласындағы ең ірі іс-шара қайта оралады. Елордада 26-29 қазан аралығында онлайн форматта Нобель фестивалі өтеді. Ауқымды іс-шарада әлемдік деңгейдегі ғалымдар қатысады. Олар Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан елдеріндегі студияларға қосылып, пандемия адамзатқа қандай жаңа жаһандық трендтер әкелгенін талқыға салмақ. Жиынға барлығы 70 елден бес мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.

Батихан Қәлібеков, Nobel Fest техникалық директоры:

- Қазанда өтетін фестивальдің тақырыбы «Болашақ – бүгін!» деп аталғандықтан көрермендердің алдында силикон алқабының атасы саналатын Джонатан Медвед, танымал ойшыл, тарихшы Юваль Ной Харари сынды инновация бойынша сарапшылар, ондаған Нобель сыйлығының лауреаты мен халықаралық деңгейдегі ғалымдар сөз сөйлеп, өз ойларымен бөліседі.

III Нобель фестивалінің аясында Орталық Азия аймағының студенттері ғұлама тұлғалардың өз аузынан адамзаттың дамуы  үшін қажет болатын тың үрдістер мен соңғы ғылыми  жаңалықтар және заманауи білімнің мән маңызы  жайында құлағдар бола алады. Нобель сыйлығы лауреаттарының инновация, химия, физика, космология, экономика, білім мен технология салаларындағы арнайы дәрістер топтамасы барысында осының бәрін білу мүмкіндігі туады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов