202 адам жұмыста жүріп қаза тапты

202 адам жұмыста жүріп қаза тапты

Былтыр 202 қазақстандық жұмыста жүріп қаза тапты. Ал, 1400-ден аса қызметкер ауыр жарақат алған. Соңғы деректерге сенсек, 500 мыңға жуық еңбекке зиянды әрі қауіпті нысандарда жұмыс істеп жүр. Бүгінгі Үкімет отырысында осы мәселе кеңінен талқыланды. Жауаптылар жұмыс орнында жазатайым оқиғаларды жою мәселесін қарастырды. Ұсыныстар көп. Мәселен, кәсіпорынның цифрлық картасы әзірленіп, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы қашықтан басқарылмақ? Ал еңбек инспекторлары өндіріс орындарына ескертусіз тексеріс жүргізеді.