Astana Hub: IT-индустрияны дамыту алаңы

Заманауи инфрақұрылым, нетворкинг, салық жеңілдіктері, пиар бағытында толық сүйемелдеу. «Астана Хаб» халықаралық технопаркінің қатысушылары дәл осындай мүмкіндіктерге ие. Бүгінде бұл ұйымға алыс және жақын шет мемлекеттерден сегіз жүзден астам компания тіркелген. Олар жыл сайын арнайы акселерациялық және инкубациялық бағдарламалардан өтеді. Соңғы бес жылда 2 мыңнан астам адам олардың түлегі атанды. Тағы 15 мыңы білім беру бағдарламаларын тәмамдаған.

Әсем Төлегенқызы, Astana Hub корпоративтік инновациялар және цифрлық құзыреттер кеңсесінің бас менеджері:

 – Хаб 2018 жылдан бері стартаптарды белсенді түрде дамытып келеді. Яғни, бізге жаңа жобаны қолға аламын деп ниеттеніп келгендер өз бастамасын жүзеге асыра алады. Біздің барлық бағдарламаларымыз инвесторлар тарапынан қаржы тарту үшін енді басталған қанатқақты жобадан әбден пісіп-жетілген стартапқа дейін бөлінген. Осы текті арнайы жасалған бағдарламаларға таңдау көп. Олардың барлығы тегін. Себебі,  біз Қазақстанда ІТ саласын дамытып, ынталандырғымыз келеді.

Дмитрий Макеев құрған компаниясының хаб аумағында орналасқанына екі жылдан астам уақыт өткен. Ол ай-ти салада танымал балалар мен ересектерге арналған ойындар жасап шығарады. Оның ойлап тапқан түрлі анимациялық кейіпкерлері әлемнің ойынқұмарларына жақсы біледі. Воркшоптар мен түрлі акселерациялық бағдарламалар өнімін кеңге танытып, сатылым көрсеткішін ұлғатуға үлкен сеп болған.

Дмитрий Макеев, ойындар құрастыратын компания басшысы:

– Бұл біз қатысып отырған алғашқы акселерациялық бағдарлама емес. Астана хабтың берген білімі үшін алғысымыз шексіз. Бұған қоса, дәл осы коворкинг арқылы басқада стартап жобалармен танысып, өзара шеберлік алмасып, тәжірибемізбен бөлісеміз. Сондай-ақ, нарыққа шығып жаңа клиенттер табуға, әріптестік орнатуға үлкен демеу жасайды. 

Салықтық жеңілдіктердің арқасында былтыр «Astana Hub» компаниялары жалпы есепте 17 миллиард теңгеден астам қаржы үнемдеген. Сондықтан, хаб барлық қатысушылар үшін барынша тіміді мүмкіндіктер мен сапалы қызмет жасайтыны даусыз, дейді сарапшылар.

 

 

Жеңіс Ермұқанов.