Қазақстанда карантин режимі жеңілдейді

Қазақстанда карантин режимі жеңілдейді

Қазақстанда карантин режимі жеңілдейді. Бұл туралы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды. Осылайша алдағы 28 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектісіне демалыс күндері сағат 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Сонымен қатар қоғамдық көліктер сенбі күндері жүре бастайды. Ал 30 тамыздан бастап Ashyq жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 00:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылады.

Айта кетейік эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантин шаралардың жеңілдетілуін 4 қыркүйектен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарланып отыр.