Перизат Қайрат ісі бойынша сот отырысы басталды

Перизат Қайрат ісі бойынша сот отырысы басталды

Бүгін Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот отырысы басталды. Оларға 3 жарым миллиард теңге көлеміндегі қайырымдылық қаражатын иемденді деген айып тағылып отыр. Сот процесі жартылай ашық өтіп жатыр. БАҚ өкілдеріне қатысуға рұқсат бар, алайда жеке және банк құпияларына қатысты деректер жабық қаралады. Өз кезегінде басты айыпталушы тағылған кінәні жоққа шығарып, бұл істі «негізсіз» деп атады. Сонымен қатар, қордың жұмысына жауапты болған өзге де құрылтайшылардың әрекетін тергеп-тексеру қажет екенін айтты.