Мемлекеттік кеңесші Е. Қарин ойын бизнесі туралы жаңа заңға қатысты пікірін білдірді

Мемлекеттік кеңесші Е. Қарин ойын бизнесі туралы жаңа заңға қатысты пікірін білдірді

Құмар ойындарға тәуелді адамдар медициналық оңалтудан өтеді. Оның тәртібі белгіленген. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бүгін президент қол қойған ойын бизнесіне қатысты жаңа заңға қатысты пікір білдірді. «Бұл – Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған бесінші заң. Құжатта құмар ойындарды ойнауға рұқсат берілген адамдардың санын азайту бойынша жүйелі іс-шаралар кешені қаралған. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салынған», – дейді Ерлан Қарин. «Осы құжатта көзделген негізгі жаңалықтың бірі – Борышкерлердің бірыңғай тізіміндегі азаматтарға қатысты шектеу шараларының енгізілуі. Бұл – 3,5 миллионнан астам адам. Букмекер конторалары мен тотализаторлардың барлық жердегі сыртқы жарнамасына тыйым салынады. Бұдан былай байланыс операторлары ұялы телефонға жарнамасы бар мәтіндік хабарламаны жібере алмайды. Сонымен қатар лицензиясы жоқ шетелдің букмекерлік контораларының, тотализаторларының интернет ресурстарына және онлайн-казиноларға толық тыйым салынады. Лудоманияға шалдыққан азаматтарды сауықтыруға қатысты бірқатар шара қарастырылған. Құмар ойындарға тәуелді адамдарды медициналық оңалтудың тәртібі белгіленді. Мұндай адамдарды, құпиялылықты сақтай отырып, ақыл-кеңес беру арқылы бақылауға алу тәсілі енгізілді», - деп жазды Мемлекеттік кеңесші Telegram парақшасында.