Коммуналдық салаға жаңа техникалар табыстады
Батыс
Қазақстан облысындағы коммуналдық шаруашылықтар мен кәсіпорындарға 58 арнайы
техника табысталды. Бұл қолдау өңір тұрғындары үшін ең маңызды және қажетті
саланың тамырына қан жүгіртіп, коммуналдық шаруашылық жұмысын жаңа деңгейге
көтерері сөзсіз.
Батыста электр бағандары мен желілері әбден тозған. Ал, оның материалдық-техникалық базасын нығайту - маңызды мәселе. Түйткілдің
түйінін тарқату мақсатында жергілікті билік кешенді шараларды қолға алды.
Аймақтық электр желілік компаниясына 58 арнайы техниканың сатып алынуы – соның
жарқын мысалы. Көліктердің 20-сы аудандарға жіберіледі.

