Мәжіліс ұлттық қордан балаларға қаржы бөлу туралы заң жобасын қабылдады

Бұл қазақстандық балалардың есепшотындағы қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалау үшін қажет. Мәжілістің жалпы отырысында Үнзила Шапақ осылай деп мәлімедеді. Жоба операторы есеп шоттарды ашу, төлемдерді аудару, жеке тұлғалардың дербес деректерін Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен, келісімсіз жинау және өңдеу құзыреттілігіне ие болады. Сонымен қатар есепшоттағы қаражат бала 18 жасқа толғаннаН кейін 10 жыл бойы сақталады. Осы аралықта ақша ешқайда жаратылмаса, қаражатты сол азаматтың зейнетақы шотына аудару ұсынылуда. Ал, ақшаны кәмелеттік жасқа толған азамат білім алуға және, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жұмсауға болады.

Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- 18 жасқа толмаған бала елден шығып, Қазақстанның азаматтығынан шығып кететін болса, бұл төлем төленбейді. 18 жасқа толмаған бала азаматтығын өзгертпей, елден кетіп басқа шетелде тұрып жататын болса, заңның жобасында көзделген норма бойынша бұл төлем төленеді. Егер шығып кетіп, қайтадан елге көшіп келіп, қайтадан азаматтығын алатын болса, алдындағы есептердің барлығы жойылады. Жаңадан неше жастан бастап көшіп келді, мысалы, 12 жаста. 5 жаста кетіп қалып, біз алдыңғы төлемді жойып жібердік, 12 жасында қайтадан көшіп келіп, қайтадан азаматтық алатын болса, онда заң бойынша бұл төлем әрі қарай жүргізіледі.