Қазақстанда 485 металлургиялық кәсіпорын жұмыс істейді
Жалпы кейінгі 5 жылда Қазақстан металлургиясы
қарқынды даму кезеңінен өтті. Өндіріс көлемі 74 пайызға өсіп, 10 триллион
теңгеге жуықтады, экспорт 66 пайызға ұлғайып, 16 жарым миллиард долларға жетті.
Экспорттың төрттен бірі мыс, одан кейін ферроқорытпа, мырыш пен күміс, қалған
40 пайыздан астамы өзге де металдар. Өнімдердің 85 пайызы шикізат күйінде
шетелге жөнелтіледі. Негізгі нарықтар Қытай, Ресей, Түркия мен АҚШ. Әсіресе
Қытай қазақстандық металл шикізатын тұрақты тұтынады. Ал Ресей алюминий мен
мырыш импортына мүдделі. Ел бойынша 485 металлургиялық кәсіпорын жұмыс істейді,
олардың көпшілігі шағын бизнес өкілдері. Салада 82 мыңнан астам адам еңбек
етеді, оның ішінде басым бөлігі түсті металлургияда.

