2023 жылы Қазақстан экономикасы 4% жақсарады

Қазақстан экономикасы 2023 жылы өсім қарқынын жалғастырады. Сарапшылардың бағалауынша, ол  шамамен 4 процент болуы мүмкін. Бұл туралы ранкинг кз хабарлады. Геосаяси жағдайларға және жаһандық толқуларға қарамастан қазір еліміздің ЖІӨ  қарқыны  жаман емес. Сарапшылар сондай-ақ 2022 жылы елдің макроэкономикалық түсімі жақсы көрсеткішке жеткенін айтып отыр.

Мәселен, соңғы 11 айда отандық экономиканың даму қарқыны  2,7% жетті.  Сырт елдермен сауда-саттық та айтарлықтай артты. Оны көлемі 3 есеге көтеріліп, 111 миллиард  долларға жетті. Ал экспортқа келсек, мұндағы көрсеткіштер жоғары екенін байқауға болады. Негізгі капиталға құйылатын инвестиция бірден үш есеге ұлғайды. Сарапшылар экономикалық даму көрсеткіштерінің өсімі салық бюджет саясатының оң әсері ықпалынан болды деген пікірде. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі, құрылыс саласы, қызмет көрсету салалары мен 10 ұлттық жобаны жүзеге асыру экономикаға жанама әсерін тигізгенін айта кетейік.