50 жастан асқан қазақстандықтар IT-мамандықтарды тегін меңгере алады

50 жастан асқан қазақстандықтар сайт құрып, компьютерлік бағдарламалар жазу мен түрлі қосымшалар әзірлеуді тегін үйрене алады. Қазақстанда Skills Enbek тұғырнамасындағы «күміс жас» жобасының аясында бүгінгі нарықтың сұранысындағы  заманауи мамандық түрлерінің қыр сырын меңгеруге болады. Егде жастағы ел азаматтар үшін электронды жүйеде маркетинг, ақпараттық технологиялар, туризм, ауыл шаруашылығы, қаржы, білім беру  сынды 100-ден астам онлайн кәсіби курстар қолжетімді. Әркім қашықтан оқу тілін және мазмұнын өзі таңдай алады.  Сонымен қатар оқу деңгейін бақылау мүмкіндігі жасалған. Курсты толық тәмамдаған пайдаланушыларға сертификат беріледі. Ол автоматты түрде электронды еңбек биржасындағы түйіндемеге жүктеледі.  Онда әлеуетті жұмыс беруші үміткердің кәсіби дағдыларын көре алады.