Қазақстанда соңғы үш жылда 41 IT мектеп ашылды

Қазақстанда соңғы үш жылда 41 IT мектеп ашылды

Қазақстанда соңғы үш жылда 41 IT мектеп ашылды. Қазір 55 мыңнан астам қазақстандық еліміздің IT-мектептерінде оқиды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда үш мыңға көп, деп хабарлайды еліміздің білім министрлігі. Оқу орындары заманауи жабдықтармен және робототехника кабинеттерімен жабдықталғанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ, оқушыларға арналған цифрлық білім мен дағдыларды дамытуға бағытталған арнайы білім беру бағдарламалары да әзірленген. Айта кетейік, бүгінде IT-мектептердің оқушылары республикалық және халықаралық олимпиадаларға, жалпы білім беретін пәндер мен робототехника бойынша ғылыми жобалар конкурстарына белсенді қатысады. Биылғы жылы қазақстандық оқушылар информатика пәнінен халықаралық олимпиадада екі күміс және екі қола медаль иеленді.