Қалдықтарды қайта өңдейтін 41 зауыт салынады

Қалдықтарды қайта өңдейтін 41 зауыт салынады

Елімізде қалдықтарды қайта өңдейтін 41 зауыт салынады. Қазір Экология министрлігі 307 млрд теңгенің 65 жобасын қарастырып жатыр. Соның 41-і қоқысты қайта өңдеуге бағытталады. Бұл кәсіпорындар жыл сайын 1 млн тоннадан астам қалдықты кәдеге жаратады. Сондай-ақ, 4 жарым мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Ал, жаңа нысандарды ашуға 55 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылады. Осы жобалардың жай-жапсары бүгін Үкіметте талқыланды.