Қос басылымның 95 жылдық мерейтойы

Қос басылымның 95 жылдық мерейтойы

Бүгінгідей ақпарат дәуірінде айшылық алыс жерлерден жылдам хабар жеткізетін телеарнамен қатар, мерзімді басылымның да маңызы зор. Яғни, ақпараттық технология сәт сайын дамығанымен одан газеттер де қалтарыста қалып жатыр деу жаңсақтық. Бұған Қызылорданың қос басылымы – «Сыр бойы» мен «Кызылординские вести» газеттерінің тарих жылнамасы дәлел. Биыл аймақ айнасына айналған бұл басылымдардың құрылғанына 95 жыл толды.