Адал еңбек абыройға жетелейді

Адал еңбек абыройға жетелейді

Қазақстанда қыркүйектің соңы - Еңбек күні. Қара жұмыстан қаймықпайтын қайсар жандардың қадір-қасиетін түсініп, мерейін өсіретін күн. Ал, келесі жылы жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Президент соның аясында кәсіби-техникалық білім беруді реформалау қажет деді. Келесі репортажымыз 43 жылға жуық ғұмырын энергетика саласына арнаған Алматылық Манатбек Сейдуалиев жайында.

 

Манатбек Рахымбайұлының күнделікті жұмысы таңғы сегізде басталады. Әріптестерімен ағымдағы жоспарды талқылап алған соң, өзіне берілген тапсырманы тындыруға кіріседі. Қарапайым жұмысшыға жүктелген міндет өте жауапты.