Қазақ салтын ұстанатын удин қызы

Қазақ салтын ұстанатын удин қызы

Удин деген ұлт бар. Әлемдегі аз халық. Жер бетінде олардың саны 10 мың ғана. Соның бірі - Сарағашта тұрады. Карина Хачикова - Қазақстанда туып-өскенін мақтан тұтады. Жалғыз басты ана - шебер аспаз. Мемлекет қолдауымен жеке кәсібін ашқан.

¤

Каринаның шағын асханасында бүгін де қарбалас. Бір жағынан қамыр жайып екінші шетінен тұшпарасын түйіп жатыр. Өйткені, тапсырыс көп. Аспаз - жартылай фабрикат өнімдерін жасайды. Түрлі тәттілер пісіреді. Дәмі тіл үйіретін өнімдерге сұраныс көп.