Есіл қаласында 21 отбасы баспаналы болды

Есіл қаласында 21 отбасы баспаналы болды

Есіл қаласында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспаналы болды. Жаңа үйлер қажетті инфрақұрылыммен қамтылған. Оларды салуға 500 миллион теңгеден аса қаржы жұмсалған. Құрылыс уәде етілген уақытта бітті.


Ольга Кайлибер үйі топан судың астында қалғандардың бірі. Жасы жетпіске таяған кейуана 3 айға жуық көгерген қабырғаларды жамаумен әуре.