Халық қаһарманы С. Тоқпақбаев 85 жасқа толды
Күні кеше ел Президентінің жарлығымен Мемлекет және қоғам қайраткері Сәт Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді. Ал бүгін Алматы жұрты тау тұлға батырдың 85 жасын тойлап жатыр.
Сәт Тоқпақбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ұлттың ғана
емес мемлекет пен Президенттің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жандардың бірі.
Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған Генерал-полковник бар ғұмырын күштік
құрылымдардың қалыптасуына сарп етті. Ұлт мүддесін бәрінен жоғары қойды.

