Елордада халықаралық деңгейдегі заманауи мектептер ашылады

Қазақстанның білім беру жүйесі Финляндия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея елдерінің үздік деген оқыту тәжірибелерімен үндестіріледі. Биыл Нұр-Сұлтан қаласында 4 бірдей инновациялық мектеп ашылады. Заманауи білім ошақтарында оқушылар тегін білім алатын болады. Ондағы оқу жүйесінде тәлім алушыларға сапалы білім нәрін сіңдірумен қатар, өскелең ұрпақты рухани құндылықтармен азықтандыру бағытына басымдық берілмек. Қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеу үшін бағдарлама сыйластық, жауапкершілік және еңбекқорлық сынды «Аманат» қағидаттарына негізделіп жасалған. Сондай-ақ зияткерлік және көркемөнер тұрғысында ой-өрістерін қалыптастыру қамында коворкинг-алаңдары, кинозал, телестудия, театр мен пікір таластыратын дебат клубтары құрылмақ.

Алғашқы инновациялық мектептің есіктері 1 қыркүйекте ашылады. Қазір бірегей оқу орны 80% дайын. Қалған үшеуі кейінірек іске қосылмақ. Алдағы уақытта бұл тың жобаны ел көлемінде ендіру көзделген.

Арайлым Мағзұмова, даму жөніндегі директоры:

- Біздің мектептердің басты артықшылқтарының бірі олардың өте жоғары деңгейде материалдық-техникалық қамтылуы болмақ. Жалпы жоба құннының 20%  астамы құрылғылар сатып алу үшін жұмсалады. Бұл не береді? Бұл дегеніміз ең алдымен жаңартылған барлық оқу бағдарламасын жүйеге ендіруге мүмкіндік туғызады. Яғни шәкірттер биология, химия, физика сынды нақты ғылыми пәндерге қатысты соңғы үлгідегі тәжірибелер мен зертханаларға қол жеткізе алады. Бұл олардың Visa халықаралық зерттеулердің талабына сай жан-жақты сауаттылығын ашады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов